Желілік кестеге сәйкес аудандық мәслихат төрағасы Г. Калиева мен аудандық мәслихат депутаты Б.А. Касымова Алмасай ауылындағы Абай атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаларды талқылап, реформаның негізгі бағыттарына ерекше назар аударылды:
- бір палаталы парламент – Құрылтайға көшу. Жаңа модель заң шығару қызметінің тиімділігін арттыруға және саяси партиялардың рөлін күшейтуге бағытталған;
- Қазақстанның Халық Кеңесін құру, оған заң шығару бастамасы құқығы беріледі. Бұл азаматтық қоғамның маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейтеді;
- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін кеңейту, бұл әсіресе педагогтар, балалар және әрбір қазақстандық отбасының құқықтарын қорғау үшін маңызды;
- Конституция құрылымын жаңарту, ол әділ және заманауи мемлекет құру бағытына сай келеді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Педагогтар белсенді түрде сұрақ қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Осындай талқылаулар саналы азаматтық ұстанымды қалыптастырып, біздің ортақ болашағымызды нығайтуға септігін тигізеді.