
Аудандық мәслихат төрағасы Г. Калиева Қасым Қайсенов кентінің орта мектебінің ұжымымен аудандық мәслихат депутаттарының бекітілген кестесіне сәйкес кездесуді өткізді. Кездесуде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша алдағы жоспарлар мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді және елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар жөнінде талқыланды.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде белгіленді.
Кездесу барысында конституциялық реформалар талқыланып, пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Мектеп ұжымымен жаңа модификациядағы кабинеттер, балаларды тасымалдауға арналған микроавтобуспен жабдықтау, спорт залы мен асхананы күрделі жөндеу және футбол алаңын салу, кент ішінде тротуарлар салу мәселелері көтерілді.
Халықтың пікірін ескеру, азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын назардан тыс қалдырмау- бүгінгі реформалардың басты қағидаты болу тиіс.
Осындай кездесулер арқылы кенттің мәселелері жан-жақты талқыланып, олардың шешу жолдары қарастырылады. Барлық келіп түскен сұрақтарға тиісінше жауап берілді.