Пролетарка ауылында «Багратион-Ұлан» ЖШС кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесуі

Пролетарка ауылында «Багратион-Ұлан» ЖШС кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесуі

Аудандық мәслихат төрағасы Г. Калиева ауданның әкімі А.И. Бекбосыновтың Пролетарка ауылында өткен «Багратион-Ұлан» ЖШС кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесуіне қатысты. Кездесу барысында аудан әкімі қатысушыларды 2025 жылға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырып, 2026 жылға жоспарланған негізгі бағыттар мен басымдықтарды атап өтті.  

Кәсіпорын қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, өндірісті дамыту, еңбек жағдайлары және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Барлық көтерілген сұрақтарға жан-жақты әрі мазмұнды жауаптар берілді. 

Сонымен қатар, кездесу аясында кәсіпорында шығарылатын өнім түрлерімен, сондай-ақ өндірістің қазіргі жағдайы мен даму бағыттарымен танысу жүргізілді.