Каменка ауылдық округінің Тройницкое ауылында медициналық пункттің ашылуы

Каменка ауылдық округінің Тройницкое ауылында медициналық пункттің ашылуы

Мәслихат төрағасы Г. Калиева Каменка ауылдық округіне қарасты Тройницкое ауылында медициналық пункттің ашылуына қатысты. Аталған нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.    

Медициналық пункттің ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттердің нақты жүзеге асуы болып табылады. Жолдауда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуға және ауылдық, шалғай елді мекен тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.

Жаңа медициналық пункт халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен уақтылылығын арттыруға, сондай-ақ ауылдық жерлерде медициналық қызмет көрсету деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.