Кезектен тыс ХLVІІІ сессия

Кезектен тыс ХLVІІІ сессия

2025 жылы 26 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLVІІІ -сессиясы өтті.

Сессияның күн тәртібінде:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Ұлан ауданының ауылдық округтер мен кенттер бюджеті туралы;
  2. 2026-2030 жылдарға арналған Ұлан ауданының даму жоспарын бекіту туралы;
  3. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 72 «Қылмыстық жазаларды және өзге-де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  4. Ұлан ауданы әкімдігінің құрамы туралы мәселелері қаралды. Қаралған сұрақтармен аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. Акпанова таныстырды.

 Қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.