
Құрметті жерлестер!
Бүгін аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық мәслихат төрағасы Г.Н. Калиева, аудандық жұмыспен қамту және аудан әкімінің орынбасары М.М. Піржанов қатысты.
Күн тәртібі бойынша Ұлан ауданында этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған ішкі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы аудан әкімінің орынбасары М.М. Піржанов есеп берді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.