
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсан күні Ұлан аудандық мәслихаттың кезекті ХLVІІ сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Сессия отырысында VIII сайланған аудандық мәслихаттың кезекті ХLVІІ сессиясының күн тәртібінде бекітілген барлық мәселелер қаралды.
Бірінші Ұлан аудандық мәслихат төрағасының есебімен аудандық мәслихат төрағасы Г.Н. Калиева сөз сөйледі.
Екінші болып сөз алған Ұлан аудан әкімінің орынбасары М.М. Піржанов –жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жөніндегі жастар саясаты және оларды ауданның қоғамдық өміріне тарту мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Үшінші Ұлан аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ә.Б. Акпановаға 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы ақпаратымен сөз берілді.
Одан кейін Ұлан аудандық мәслихаты бюджет, экономикалық реформа, өңірлік даму сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясының есебімен тұрақты комиссия төрағасы С.А. Кучерин сөз алды.
Сессияда «Әртүрлі» бөлімнің де мәселелері қаралды:
1) Ұлан аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
2) Ұлан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 103 «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.Қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
https://www.youtube.com/live/aO89AGPwJUo?si=zdNm1DWn9lZq4E-b