
Кезектен тыс ХLV сессия
2025 жылы 26 қараша күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLV -сессиясы өтті. Сессияға экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. Акпанова және аудандық тиісті бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде:
Ә.Б. Ақпанова – Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.
А.М. Саденова – Ұлан ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы.
А.К. Рамазанов – Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.
Е.С. Сатыев –Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
1) «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының құрамы туралы» Ұлан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 200 шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
2) «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» мәселелері қаралды. Қаралған сұрақтармен бөлім басшылары таныстырды. Қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.