Кезектен тыс ХLIV сессия
2025 жылы 26 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХLIV -сессиясы өтті. Сессияға экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. Акпанова және аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы С. Оразханов қатысты.
Сессияның күн тәртібінде ауылдық округтер мен кенттердің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы шешімге өзгерістер енгізу және Ұлан ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы мәселелері қаралды. Қаралған сұрақтары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А. Акпанова мен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы С. Оразханов таныстырды. Қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.