Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні Ұлан аудандық мәслихаттың кезекті ХLIІІ сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Сессия отырысында VIII сайланған аудандық мәслихаттың кезекті ХLIІІ сессиясының күн тәртібінде бекітілген барлық мәселелер қаралды.
Екінші болып сөз алған Ұлан ауданының білім беру бөлімінің басшысы Р.Е. Джаманбаев Ұлан ауданындағы білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы баяндама жасады.
Одан кейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының міндетін атқарушысы Д.А. Алдажаровқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді 2025-2026 жылдардың жылыту маусымына дайындау қорытындылары туралы ақпаратымен сөз берілді.
Сессияда «Әртүрлі» бөлімнің де мәселелері қаралды:
1) Ұлан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 190 «2025-2027 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Ұлан ауданы әкімдігінің құрамы туралы;
3) Ұлан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 69 «Ұлан ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 203 «Аудандық бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5) Ұлан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 80 «Ұлан ауданының тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6) Ұлан аудандық жер комиссиясының құрамын және Ережесін бекіту туралы;
7) Ұлан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 71 «Ұлан ауданы әкімдігінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
8) Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 372 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
9) Ұлан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 ақпандағы № 22 «Арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
10) Әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары бойынша аудандық арнайы комиссияның құрамын бекіту туралы;
11) Ұлан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 103 «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
https://www.youtube.com/live/TVrp5WuNopo?si=CnjaMyJpGnUFCUB9