Құрметті жерлестер! 2025 жылғы 24 қыркүйекте Ұлан аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша және аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформа, аймақтық даму сұрақтары бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен кезекті отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ж.Кайролдиновтың «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жаңа жұмыс орындарын құру туралы», А.К.Манаповтың «Саратовка ауылдық округі әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің және сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы есебі», Саратовка ауылдық округінде «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша жобалардың жүзеге асырылуы туралы ақпараттары тындалды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.