Өткен 40 сессия туралы

Өткен 40 сессия туралы

Кезектен тыс XL сессия

2025 жылдың 27 маусым күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс XL-сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Л.К. Кенжетаева, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Б. Акпанова және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.С. Садуакасов қатысты.

Сессияның күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған Ұлан ауданының ауылдық округтер мен кенттер бюджеті туралы» Ұлан аудандық мәслихатының 2024 жылдың 30 желтоқсандағы № 194 шешіміне және «Ұлан ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»Ұлан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 210 шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Қаралған сұрақтарды аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Б. Акпанова және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.С. Садуакасов таныстырды. Қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.