Ағымдағы жылдың 24 маусым күні Ұлан аудандық мәслихаттың XXXІХ кезекті сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 24 маусым күні Ұлан аудандық мәслихаттың XXXІХ кезекті сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 24 маусым күні Ұлан аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІХ сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды.

Сессия отырысында VIII сайланған аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІХ сессиясының күн тәртібінде бекітілген барлық мәселелер қаралды.

Ауданда коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша бірінші болып Ұлан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.С.Садуақасов сөз сөйледі.

Екінші болып сөз алған Камен ауылдық округінің әкімі А.Т.Тоқтамұратов өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы және сайлауалды бағдарламасы туралы баяндама жасады.

Одан кейін депутаттық өкілеттілік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала мәселелері бойынша тұрақты комиссия атынан баяндама жасаған тұрақты комиссия төрағасы И.У.Тулегеновке сөз берілді.

Сессияда «Әртүрлі» бөлімнің де мәселелері қаралды:

1) Ұлан аудандық мәслихатының 2023  жылғы 27 желтоқсандағы № 103 «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы;

3) Ұлан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 190            «2025-2027 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

        Ютуб каналға сілтеме:

https://www.youtube.com/live/BBe9wdPxy9g?si=XS_BR6bL85qwpHwr