Құрметті жерлестер! 2025 жылғы 24 маусымда Ұлан аудандық мәслихаттың депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік сала сұрақтары бойынша және аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформа, аймақтық даму сұрақтары бойынша тұрақты комиссияларының бірлескен кезекті отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.С.Садуакасовтың «Ауданның ауылдық елді мекендері мен кенттеріндегі сумен жабдықтау нысандарының жағдайы және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету туралы», Д.К.Толеухановтың «Айыртау ауылдық округі әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің және сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы есебі» ақпараттары тындалды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.