
2022 жылдың 1 желтоқсанында Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес алғашқы әскери және технологиялық дайындық (АӘТД) мұғалімдерінің арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен көпсайыс өтті. Жарысқа аудан АӘТД мұғалімдерінен 15 адам қатысты. Көпсайыс ММГ-АК 74 толық емес бұзып, қайта жинау, газтұтқыш кию, пневматикалық мылтықтан ату, және кермеде тартылу түрлерінен өткізілді. Жүлделі үшінші орынды Бозанбай орта мектебінің АӘТД мұғалімі Журкабаев Муслим Хасенович, екінші орынды М. Ломоносов атындағы орта мектебінің АӘТД мұғалімі Карибаев Қуаныш Жомартович, бірінші орынды Гагарино орта мектебінің АӘТД мұғалімі Күлмесхан Жанболат ұтып алды. Ардагерлер арасында Гагарин атындағы орта мектебінің АӘТД мұғалімі Кенжебаев Асқарбек Абылғазыұлы топ жарды. Барлық жеңімпаздар кубокпен, медальдармен және білім бөлімінің арнайы грамоталарымен марапатталды.