Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықов 100-жылдығына орай Ұлан ауданының алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімдері арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өтті

2021 жылғы 8 желтоқсанда «Ізғұтты Айттықов атындағы орта мектеп балабақша кешені» КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айттықовтың туғанына 100 жыл толуына арналған Ұлан ауданы орта мектептерінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімдері арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өтті.

Осы жарысқа 16 алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімдері қатысты. Тартысты өткен сайыстарда жастар арасында «Гагарино орта мектебі» КММ-нің мұғалімі Күлмесхан Жанболат барлығынан оқ бойы ұзап, алдыңғы қатардан көрінді, ардагерлер арасында «Бозанбай орта мектебі» КММ-нің мұғалімі Журкабаев Муслим Хасенович жеңімпаз болып, Ізғұтты Айттықов атындағы кубоктардың иегерлері атанды. Барлық номинациялар бойынша да жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, «Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы К. Оспанғалиевтың мақтау қағаздарымен марапатталды