Тұрақты комиссияның көшпелі отырысы аясында қалалық мәслихат депутаттары «ТАЗА ӨСКЕМЕН» кәсіпорнында болып қайтты

Тұрақты комиссияның көшпелі отырысы аясында қалалық мәслихат депутаттары «ТАЗА ӨСКЕМЕН» кәсіпорнында болып қайтты

Депутаттар кәсіпорынның жаңа техникасымен жабдықтау жұмыстарының барысымен танысты- 5 МТЗ тракторын, 6 тротуарларды тазалау және аспалы жабдықпен себуге арналған трактор (щетка/үйінді/кун және 5 тіркеме) сатып алынды.

Өскемен қаласының даму үстіндегі инфрақұрылымы жағдайында тиімді жұмыс істеу үшін аралас жол машинасының, саябақтарды, скверлерді, тротуарларды жинауға арналған шағын габаритті әмбебап (қыс-жаз) WILLE қалалық коммуналдық машиналарының, қысқы кезең ішінде қала жолдарында көктайғаққа қарсы жұмысты жақсарту және «қара асфальтты» ұстау үшін су-тұз торабын санын ұлғайту қажет екендігі атап өтілді.

Мәслихаттың қала шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі комиссиясы қалалық ТҮКШ бөліміне: «ТАЗА ӨСКЕМЕН» кәсіпорнына  машина-трактор паркін жаңарту бойынша жұмысты жалғастыру, жеке сектор көшелеріндегі қарды жинау және шығару жиілігін арттыру, қосалқы мердігер ұйымдармен қаланы қардан тазалауға техника дайындау бойынша жұмысты күшейту және т. б. бойынша тиісті қаулы қабылдады.