Металлургтер күні құтты болсын!

Металлургтер күні құтты болсын!

Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары!

Құрметті металлургия саласының басшылары мен қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен құттықтаймын!

Қаламыздың тарихы, оның қалыптасуы мен дамуы металлургия өнеркәсібімен тығыз байланысты. Сондықтан да өскемендіктер, бұл мереке ерекше жақын әрі түсінікті.

Құрметті металлургтер, еңбектеріңізге рахмет. Сіздің шеберлігіңіз, жауапкершілігіңіз және сүйікті ісіңізге берілгендігіңіз терең құрметке лайық!

Осы мереке күні сіздерге сарқылмас оптимизм мен болашаққа сенім, барлық жобаларды жүзеге асыру, ойластырылған шешімдер және сенімді серіктестер тілеймін! Сізге барлық жақсылық!

 Өскемен

қалалық мәслихатының хатшысы                                            А. Светаш