Депутаттар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында 2022-2023 жылдарға...

Депутаттар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында 2022-2023 жылдарға...

Депутаттар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында 2022-2023 жылдарға арналған тұрақтандыру қорының жұмысы туралы мәселені қайта қарады.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының аумағында қорлардың сарқылу кезеңінде (мамыр – шілде) ерте жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алу туралы мәселе пысықталуда.

Тауарлардың бакалея тобын жеткізу Өскемен қаласында күн сайын жүзеге асырылады.

Ертіс ӘКК жеке 19 сауда нүктесін ескере отырып, бағаны тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде өнімді өткізу 45 сауда нүктесінде жүзеге асырылады.

Халыққа ыңғайлы болу үшін сауда нүктелерінің орналасуы және өнімнің бағасы туралы ақпарат ӘКК сайтында және instagram әлеуметтік желісінде көрсетілген.

Аталған мәселені қарау қорытындысы бойынша Ертіс ӘКК-не  бакалея өнімдерін жеткілікті қамтамасыз ету мақсатында салынатын өнімнің көлемі мен ассортиментін 2021 жылғы өтінімдер бойынша есептелген көлемдерден төмен емес көлемде ұлғайту; тұрақтандыру қорының өнімін өткізу бойынша павильондар санын арттыру және т. б. ұсынылды.