Өскемен қалалық мәслихатының депутаты А. Светаш, «AMANAT»  ҚКП төрағасы С.Оразбайұлы,..

Өскемен қалалық мәслихатының депутаты А. Светаш, «AMANAT»  ҚКП төрағасы С.Оразбайұлы,..

Өскемен қалалық мәслихатының депутаты А. Светаш, «AMANAT»  ҚКП төрағасы С.Оразбайұлы, Қоғамдық кеңес мүшелері А. В. Лоскутова, В. Н. Грицайдың қатысуымен  Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автокөлік ұйымдарының басшылығымен бірге бірқатар мәселелерді талқылады.

Отырыс барысында тасымалдаушының жеке кабинетіндегі жол ақысын төлеудің автоматтандырылған жүйесі, маршруттарға тиісті қызмет көрсетпегені үшін айыппұлдар, мобильдік қосымша арқылы QR код арқылы жол ақысын төлеу мәселелері қаралды.

Қорытындысы бойынша «ЦУПП» ЖШС-не: тасымалдаушылармен бірге электрондық билеттеу жүйесіндегі «жеке кабинетті» пысықтау; диспетчерлік басқару шарты бойынша бұзушылықтың әрбір жағдайы бойынша актімен бірге растауды ұсыну; сондай-ақ QR код арқылы төлем енгізілгеннен кейін Каспий банкінің мобильдік қосымшасы арқылы әрбір тасымалдаушыға жеке кабинетке кіру ұсынылды.