Өскемен қаласы мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмалары аясында қалалық іс-шаралар жоспарына енгізілетін ұсыныстарды талқылады.
Жұмыс барысында депутаттар біздің қаламыздың азаматтары көтерген проблемалық мәселелерді шешу бойынша мынадай ұсыныстар енгізді: инфляцияны төмендету, әлеуметтік қорғау және еңбек қатынастары, жолаушылар тасымалы, автобустың соңғы аялдамаларын жайластыру, ҚТҚ шығаруды ұйымдастыру және т. б.