коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің, азаматтардың қатарынан
Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қажетті құжаттарды қоса бере отырып, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар жөніндегі ұсыныстарды қолма-қол береді немесе мәслихаттың электрондық мекенжайына жібереді.
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың 5 өкілінен және конкурстық негізде 10 коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырылады.
Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы қажетті құжаттармен қоса ұсыныстарды жазбаша түрде (пошта немесе электрондық мекенжайға) 2021 жылғы 22 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 7 қаңтарға дейін «Өскемен қалалық мәслихатының аппараты» ММ мекенжайы бойынша қабылдайды: 070019, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17, 204-кабинет, анықтама телефоны/факс: 8 (7232) 26-35-38, e-mail: maslihat@ukmaslihat.vko.gov.kz