Жұмысқа қажет

Жұмысқа қажет

Қалалық мәслихат депутаттары кезектен тыс сессияда 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджетіне өзгерістер енгізді. Бюджет жобасы алдын ала тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында егжей-тегжейлі қаралды. 

Есенберлин даңғылынан Жібек Жолы көшесінің қиылысына дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге және т.б. қаражат көзделді.

Сондай-ақ ведомствоаралық комиссиялардың құрамына енгізілген өзгерістер бекітілді.