Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Өскемен қалалық мәслихатының 10 кезекті сессиясында Өскемен қаласының мемлекеттік органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы мәселе қаралды.

Қалада құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысы ұйымдастырылды. Ағымдағы жылы ведомствоаралық комиссия мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін қарады.

2021 жылдың 8 айында қала тұрғындарына 59 047 қызмет көрсетілді, оның ішінде баламасыз негізде - 16 179 қызмет, баламалы негізде – 3695 қызмет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ашықтығын және оларды барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін 67% немесе 39 173 қызмет электрондық түрде, «Электрондық үкімет» порталы арқылы 49% немесе 28 649 қызмет, көрсетілетін қызметті берушінің ХҚКО үшін инетграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы - 17% немесе 10 169 қызмет, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры арқылы - 1% немесе 355 қызмет көрсетілді.

Облыс әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынысы бойынша 2019 жылғы 9 қыркүйектен бастап қала әкімдігінің ғимаратында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Аshyq ákimdik» фронт-кеңсесі жұмыс істей бастады.

Өскемен қаласы әкімі аппаратының фронт-кеңсесінде тұрғындарға 6 дербес бөлім өкілдері қызмет көрсетеді: тұрғын үй қатынастары бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, жер қатынастары сәулет және қала құрылысы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Ағымдағы жылдың басынан бастап фронт-кеңсеге 16 657 адам келді, олар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша кеңестер алды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік органдардың қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша төмендегілерге қатысты ұсыныстар әзірленді:

- персоналды басқару қызметінің жұмысы, бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстар өткізу;

- мемлекеттік қызметшілер болып табылатын ерлі-зайыптылардың декларация тапсыруы;

- жер қатынастарын реттеу;

- тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін басшыларының жауапкершілігі.

Қараудың қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысын қарау ұсынылды.

Дербес бөлімдер бөлінісінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне толық талдау жүргізу және оларды жою бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. Әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалар, оның ішінде тұтас және жекелеген сектор бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейін айқындауға бағытталған (бизнесті дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы, халықтың құқықтық сауаттылығы және азаматтардың мемлекеттік органға сенімі) сауалнамалар жүргізу үшін қаражат көздеу ұсынылды.