Шығындарды өтеу

Шығындарды өтеу

Тұрақты комиссиялардың отырысында Өскемен қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері қаралды.

Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берген айдан бастап психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін жүргізіледі.

Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері жеке оқыту жоспары бойынша әрбір мүгедек балаға алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілді.

Осы мәселе қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына шығарылды.