Әкімнің есебі бекітілді

Әкімнің есебі бекітілді

Өскемен қалалық мәслихатының 10 кезекті сессиясында Өскемен қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындауы туралы есебі бекітілді.

2021 жылдың 7 айында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша өсу қарқыны қамтамасыз етілді: құрылыста (128,5%) және тұрғын үйді пайдалануға беруде (126,8%), саудада (107%), жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны (107,9%). Жыл қорытындысы бойынша осы позициялар бойынша да өсу күтілуде.

14 облыс орталықтарының ішінде Өскемен өнеркәсіп көлемі бойынша (1 орын), бөлшек тауар айналымы бойынша (3 орын) жетекші орын алады. Инвестициялар және құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша - 8 орын.

Қалалық мәслихат депутаттары қала әкіміне:

1) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында белгіленген міндеттерді орындауды қамтамасыз ету;

2) Өскемен қаласы бойынша Nur Otan партиясының сайлауалды «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының іс-шараларын іске асыру;

3) экономика және әлеуметтік саланың нақты секторының тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды. 

Қалалық мәслихат сессиясында қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданды.