Қысқа дайындық! 

Қысқа дайындық! 

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй қоры объектілерін жылу беру маусымына дайындаудың барысы туралы мәселе қаралды.         Өскемен қаласында негізгі үш жылу көзі және 441 км жылумен жабдықтау желілері бар, олар 1714 көп пәтерлі және 2932 жеке үйлерді, 212 әлеуметтік және 1871 әкімшілік объектілерді жылумен жабдықтайды.         Сондай-ақ, 2021 жылға арналған объектілерді жөндеу кестесіне сәйкес бүгінгі күні негізгі 31 объектінің 26 объектісінде жөндеу аяқталды, қалған жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Қараудың қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне бақылауды күшейту ұсынылды.

Қаланың тұрғын үй қатынастары бөліміне 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін тұрғын үйлерді жылу беру маусымына дайындау бойынша жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін көп пәтерлі тұрғын үйлердің кондоминиум объектілерін басқару органдарымен жұмыс жүргізу ұсынылды.

Барлық мәселелер қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына шығарылды.