Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары!

Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары!

Сіздерді Отбасы күнімен құттықтаймын!

Отбасы - бұл әр адамның өміріндегі басты құндылық, күш, қуат, жақсылық, үйлесімділік көзі, күнделікті өмірдің ауыртпалықтары мен қиындықтарынан сенімді пана.

Барлық отбасыларға шын жүректен жақсылық пен тыныштық, бейбітшілік пен түсіністік, денсаулық пен амандық, жайшылық пен молшылық, рухани байлық пен үлкен адам бақытын тілеймін! Сіздердің өмірлеріңіз қуанышты, салауатты, бақытты болсын, әрдайым жандарыңызда сіздерге жақын адамдар  - сіздердің отбасыларыңыз болсын!

Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы, Александр Александрович Светаш