Сөгулер мен шағымдар көп

Сөгулер мен шағымдар көп

Қалалық мәслихаттың шұңқырларды жөндеу, көшелер мен аулааралық өтпе жолдарға қиыршық тас төсеу жұмыстарының көлемі мен сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобы жолдардың шұңқырларын жөндеу қалай орындалғанын тексерді.

Депутаттар мен Қоғамдық кеңестің мүшелері: Пермитин, Буров, Қабанбай батыр, Скалистая, Объездная, Астана көшелерін аралады.

Пермитин көшесінде шұңқырларды жөндеу жұмыстарын орындау жөніндегі атқарушылық сызбалар орындалған жұмыстардың актісіне сәйкес келмейтіндігі, Қабанбай батыр көшесі бойындағы жолдардағы тез бүлінуге әкеп соқтыратын жарықтардың битуммен толтырылмағандығы, Скалистая көшесінде көшенің ақау актісі сапасыз жүргізілгендігі, соның нәтижесінде автомобиль көлігінің жүруі үшін қауіпсіз емес үлкен шұңқырлар бар екені атап өтілді.

Жалпы, депутаттар барлық көргендеріне риза емес. Жолдардағы шұңқырларды жөндеу сапасыз жүргізілгені атап өтілді.

Сапар қорытындысы бойынша қаланың ТҮКШ бөліміне жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде нақты көшеде қажетті барлық жұмыс түрлерін ескеру, қалалық мәслихат депутаттарын және қала жұртшылығын тарта отырып, алдын ала көшелердің ақау актілерін жүргізу, жөнделген жолдарды тапсыру кезінде қосалқы мердігерлік ұйымдарға қойылатын талаптарды қатайту ұсынылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Құрметті тұрғындар, жолдарды жөндеу бойынша Сіздердің барлық ескертулеріңізді төмендегі түсініктемелерде қалдыруларыңызды сұраймыз.