Жаңа техника

Жаңа техника

Қалалық мәслихаттың депутаттары тұрақты комиссияның көшпелі отырысы шеңберінде «ТАЗА ӨСКЕМЕН» кәсіпорнында болды.

Депутаттар кәсіпорынды жаңа техникасымен жабдықтау жұмысының барысымен танысты - бүгінгі күні: вакуумдық-механикалық сыпыру машинасы (2 бірлік), шасси жол белгілеу машинасы, құм шашатын аспалы жабдық (4 бірлік), термопластикалық материалдармен автоматты түрде таңбалауға арналған қондырғы сатып алынды.

Алдағы уақытта щетка мен қайырма аспалы жабдығы бар тротуарларға қызмет көрсетуге арналған коммуналдық, шағын габаритті тракторлар (саны 6 бірлік) күтілетіні атап өтілді.

Мәслихаттың қала шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі комиссиясы қаланы жазғы және қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын сапалы жүргізу үшін кәсіпорынды қажетті техникамен жабдықтау жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұсынумен тиісті қаулы қабылдады.