Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары! Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын!

Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары! Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын!

Домбыра - қазақ халқының музыкалық тарихы. Ол әлем елдерінің ежелгі мәдени құндылықтарының бірі ретінде ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілген. Домбыра музыкасының тарихы көшпенділер тарихымен тығыз байланысты. Домбыра күйлері олардың өмірлік тәжірибесін жинақтап, табиғат, адам туралы білімдерін шыңдап, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткен.

Біздің ортақ міндетіміз - осы мәдени мұраны сақтау үшін бар күш-жігерімізді салу.

Құрметті өскемендіктер!

Әр шаңырақта домбыраның үні сыңғырласын! Әр үйге бейбітшілік, жақсылық, береке-бірлік тілеймін! Мерекелеріңізбен!

 

Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы
Светаш Александр Александрович