.

.

Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары жолдың сол учаскесіндегі жөндеу жұмыстарының барысын тексеру үшін «Алтай» көтерме-тарату орталығына қарама-қарсы орналасқан Жібек жолы көшесіне барды.         Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Өскемен қаласының құрылыс бөліміне Жібек жолы көшесінің жол жиегіне түйісетін жерлерінде Алтай КТО аумағынан кіретін және шығатын жерлерге асфальтобетон жабындарын төсеу, бар жол жабынының тегіс еместігін жою жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылды.

Сондай-ақ, Алтай КТО аумағына кіре берістегі ұңғыма люктерінің жағдайына ерекше назар аударылды. Оларды жол төсемінің деңгейіне сәйкес келтіру және ұңғымалардың айналасындағы топырақтың шөгуін және биіктік өзгерістерін жою ұсынылды.