LII кезекті сессия

LII кезекті сессия

Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қаланың сәулеттік келбеті мәселесі қаралды. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімінің басшысы қаланың дизайн-кодын әзірлеу барысы туралы ақпарат берді. Қазіргі уақытта кіреберіс топтарының, қасбеттер мен маңдайшалардың жай-күйіне алдын ала талдау жүргізілуде, оның негізінде оларды күтіп-ұстау жөніндегі талаптар әзірленетін болады. Жаңа Құрылыс кодексіне сәйкес аталған талаптарды қабылдау қаладағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың кіреберіс топтары мен маңдайшаларының сыртқы келбеті мен мазмұнын ретке келтіруге мүмкіндік береді. Бұл бастаманы депутаттар қолдады.

Сондай-ақ сессия барысында қалалық мәслихаттың төрағасы А.А. Светаш депутаттарға, Қоғамдық кеңес мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне мәслихаттың 2026 жылғы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берді. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызмет бағыттары бойынша атқарылған жұмыстары, қабылданған нормативтік құқықтық актілері, азаматтардың өтініштері мен сайлаушылардың аманаттарын қарау нәтижелері туралы егжей-тегжейлі есеп берді. Ағымдағы жылы шешілмеген мәселелер қала бюджетін 2027 жылға қалыптастыру кезінде қайта қаралатын болады.

Депутаттар қаламыздың тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді қарау және шешу бойынша жұмысты жалғастырады.