Өскемен қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Өскемен қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Өскемен қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Отырыста қала жолдарын жөндеу және аулаларды абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мәселесі қаралды. Осыған байланысты депутаттар бірқатар ескертулер айтты, атап айтқанда, кәріз құдықтарының қақпақтарын жол төсемінің деңгейіне дейін тегістеу, су бұру жүйелерін орнату, жаңбыр кәріздерін уақтылы тазалау, асфальт жабынының тығыздығы мен құрамының сапасына қатысты мәселелер көтерілді. Сондай-ақ жолдардың сапасын зертханалық бақылау мәселесі және аулаларды абаттандыру жұмыстарын уақтылы аяқтау қажеттілігі талқыланды.

Сонымен қатар, Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы баяндама жасады. Талдау қорытындысы бойынша өтініштерді бөлім секторлары арасындағы маршруты қайта қаралып, олардың біркелкі бөлінуі қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қызметшілердің еңбегін нормалау жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Депутаттар сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының құрметті атақтарын беруге ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссияның құрамына, сондай-ақ қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесуді шешіп, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізуді келісіп мақұлдады.