.

.

Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары!

Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отбасы институты әрбір адам үшін де, бүкіл мемлекет үшін де өте маңызды. Отбасы қоғамның рухани болашағына, сондай-ақ мәдени және адамгершілік құндылықтарына әсер етеді. Бұл жерде адамгершілік қағидалары қалыптасып, жаңа тұлға дүниеге келеді.

Осы мерекені атап өте отырып, біз отбасыға ұқыпты және құрметпен қараудың ғасырлық дәстүрлерін нығайтамыз. Әркім үшін бұл мереке өз жақындары мен туыстарына назар аударып, қарым-қатынасты махаббат, қамқорлық және алғыспен толтыруға тамаша себеп болсын!

Шын жүректен сіздерге бақыт және отбасылық амандық тілеймін!

Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы      А.Светаш