
Өскемен қаласының мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері жол жөндеу жұмыстарына шығыс мониторингін жүргізді.
Сапар барысында депутаттар қоғам өкілдерімен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлерімен және мердігер ұйымдармен бірлесе отырып, қаланың шығыс жағындағы Степное кентіне қарай жолды, Орманды көшесін, Леваневский көшесін, Алтайская көшесін, Белинский көшесін, Н.Назарбаев даңғылын, Гагарин бульварын, Деповская көшесін, Новосибирская көшесін және Паровозный 1-6 өтпе жолдарын жөндеу жұмыстарының сапасы мен барысын тексерді.
Сонымен қатар, «Лесхоз» ауданындағы балалар алаңын қарап шықты, оның барысында жолдан алаңға түсетін жабдықталған баспалдақтың жоқтығы мәселесі анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша кәріз құдықтарының деңгейін тегістеу, су ағатын жүйені сапалы ұйымдастыру, жауын суы кәрізін тазалау, тротуарлар бойындағы ағаштарды санитарлық кесу, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының сапалы және жедел аяқталуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.