
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Металлургия – қаламыздың өнеркәсібі мен экономикасының негізі. Өйткені Өскемен қаласының тарихы осы саламен тығыз байланысты. Сондықтан бұл мереке Өскемен тұрғындары үшін ерекше маңызға ие.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында қаланың металлургия кәсіпорындарында мырыш, титан, тантал, уран және еліміздің өнеркәсіп саласы үшін аса маңызды өзге де металдар мен қорытпаларды өндіру қамтамасыз етілуде. Бұл Өскемен қаласы мен бүкіл облыстың тұрақты дамуына ықпал етіп, қаламыздың индустриялық көшбасшы ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.
Сіздердің еңбектеріңіз – маңыздылығы жыл сайын артып келе жатқан жанқиярлық еңбек. Ол зор құрметке әбден лайық!
Сіздерге зор денсаулық, амандық, тұрақтылық және кәсіби қызметтеріңізде жаңа жетістіктер тілеймін. Әр шаңырақта жылу мен береке орнасын, өмірлеріңізде сенім, қолдау және құрмет әрдайым серік болсын!
Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы А. Светаш