2026 жылғы 21 шілдеде Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді. Өтетін орны: Пермитин к-сі, № 201 каб. Өткізу уақыты: сағ. 11:00.
Отырыста келесі мәселелер талқыланады:
- Өскемен қаласының қоғамдық көлігінде (таксиден басқа) бірыңғай және сараланған тарифті белгілеу туралы.
- Өскемен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы.
- Өскемен қалалық мәслихатыны 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 40/3-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Өскемен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3 VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.