
Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында Өскемен қаласының әкімшілік бағынысындағы ауылдық елді мекендерге жақын орналасқан жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі бес жылдық жоспары бекітілді.
Осы жобаны қабылдау жайылымдарды ұтымды пайдалануды, мал азығына деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз етуді және жайылымдардың тозу процестерінің алдын алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.