
Құрметті журналистер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіздің қоғам үшін маңызы зор. Сіздер ақпараттық кеңістікті қалыптастырып, маңызды оқиғалар туралы алғашқылардың бірі болып хабарлайсыздар және ең өзекті мәселелерді ашық айтасыздар.
Қоғамымыздың дамуына, азаматтардың саналы әрі ел өміріне белсенді араласуына ықпал етесіздер. Сіздер уақыт тамырын дәл басып, жетістіктерді насихаттайсыздар, күрделі мәселелердің шешілуіне көмектесесіздер және әрбір адамның үнін халыққа жеткізесіздер.
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас жігер, шығармашылық табыс пен тың идеялар тілеймін! Материалдарыңыз әрдайым оқырман жүрегінен орын тауып, журналист сөзінің беделі мен абыройы биік болсын.
Отбасыларыңызға бақыт, амандық-саулық және жағымды жаңалықтарды молынан тілеймін!
Өскемен қалалық
мәслихатының төрағасы А. Светаш