.

.

Өскемен қалалық мәслихаты комиссиясының бірлескен отырысында Өскемен қалаларын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселе қаралды.

          Талқылау қорытындысы бойынша комиссия жасыл желектерді ұлғайтуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған қалалық қызметтер үшін бірқатар ұсынымдар әзірледі.

          Басым міндеттердің қатарында – қаланы көгалдандырудың дендрологиялық жоспары мен кешенді бағдарламасын әзірлеу, көпжылдық өсімдіктерді пайдалану, бұталарды, ағаштар мен гүлдерді отырғызу көлемін ұлғайту, саябақтар мен скверлерді абаттандыру бойынша жұмыстардың сапасын арттыру, бейінді мамандар мен мамандандырылған ұйымдарды тарту. Сондай-ақ, суару жүйесіне қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанындағы  ағаштардың бұтақтарын кесу, қала бойынша шөп шабу ұсынылды.

          Отырғызылған көшеттердің жерсінуін бақылауға және жасыл желектерді күту бойынша іс-шаралардың орындалуына ерекше назар аударылды.