
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызметте еңбек ету – өз еліңе және оның азаматтарына адал қызмет етудің саналы таңдауы. Бұл жауапты миссия терең білімді ғана емес, сонымен қатар жоғары жауапкершілікті және шынайы жанашырлықты талап етеді. Сіздердің күнделікті қабылдайтын шешімдеріңіз, халықтың сұрауларына мұқият қарауларыңыз бен кәсібиліктеріңіз қоғамның мемлекетке деген сеніміне, мемлекеттік бағдарламалардың табысты дамуына тікелей ықпал етеді.
Қазіргі заманның сын-қатерлері сіздерден икемділікті, үнемі дамуды және ең күрделі міндеттерді жедел шешуге дайын болуды талап етеді. Сіздер басқару жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, заңдылықтың сақталуына қызмет етіп келесіздер.
Сіздерге сарқылмас күш-қуат, зор денсаулық және кез келген жағдайда сабыр мен төзім тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым нақты нәтижесін беріп, азаматтардың шынайы алғысына бөленсін. Әрдайым сенімді әріптестердің қолдауын сезініп, ұжымдарыңызда өзара түсіністік пен қолдау, отбасыларыңызда амандық, бақ-береке және шаттық орнасын!
Өскемен қалалық
мәслихатының төрағасы А. Светаш