.

.

Құрметті медицина қызметкерлері!

 

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн өз өмірін адам денсаулығын сақтауға және адам өмірін арашалап қалуға арнаған жандарға деген зор құрмет пен шынайы алғыстың белгісі. Еңбектеріңіз жоғары кәсіби біліктілікті, терең білімді және дағдыларды үнемі жетілдіруді ғана емес, сондай-ақ үлкен жан күшін, төзімділікті, мейірімділік пен жанқиярлықты талап етеді.

Сіздер күн сайын адамдардың денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетесіздер, үміт сыйлайсыздар, қиын сәттерде демеу болып, толыққанды өмір сүру қуанышын қайтарасыздар. Әрбір қабылданған науқастың, әрбір кезекшіліктің және әрбір жауапты шешімнің артында жанашырлықтарыңыз, мұқияттылықтарыңыз және таңдаған мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыз тұр.

Сіздердің басты миссияларыңыз – адамдарға қызмет ету, адам өміріндегі ең қымбат құндылық – денсаулық пен өмірді қорғау. Еңбектеріңіздің, кәсіби шеберліктеріңіздің және қамқор көзқарастарыңыздың арқасында мыңдаған адам өмір сүріп, еңбек етіп, болашаққа жоспар құру мүмкіндігіне ие болуда.

Сіздерге адал еңбектеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз, жанашырлықтарыңыз және кәсіби борыштарыңызға деген беріктіктеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Зор денсаулық, амандық, жан тыныштығы, кәсіби табыстар, әріптестеріңіздің құрметі мен пациенттердің ризашылығын тілеймін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Өскемен қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                   А. Светаш