.

.

Өскемен қалалық мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді, оның барысында депутаттар қаладағы бірқатар өзекті мәселелерді қарастырды.

          Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – «PROSTROY TRADING» ЖШС-мен жергілікті халықты әлеуметтік-экономикалық қолдау туралы келісімді қарау болды.

          Талқылау қорытындысы бойынша келісім жобасына Прудхоз ауылындағы тұрғындар үшін футбол алаңын абаттандыру жөніндегі міндеттеме енгізілді.

          Сонымен қатар, Өскемен қалалық мәслихатының «Өскемен қаласындағы зираттардың жай-күйі туралы» шешімінің іске асырылу барысы қаралды.           Депутаттар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне зираттар аумағына неғұрлым егжей-тегжейлі тексеру жүргізуді ұсынды. Тексеру барысында қоқыстың нақты көлемін, ағаштарды кесу, бұтау, сондай-ақ тазалауға және шығаруға жататын жас өскіндер мен бұталарды жою жұмыстарының көлемін анықтап, аталған жұмыстарды орындауға қажетті қосымша шығындардың құнын есептеп ұсыну тапсырылды. Сонымен қатар, жиналған қоқыстардың орналасу сызбасын әзірлеп, қажетті ақпараттық тақтайшаларды орнату ұсынылды.

          Бұдан бөлек, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына енгізілетін өзгерістер келісілді.