Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары!

Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын! Біздің Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз — бұл жай ғана ресми атрибуттар емес, бұл елдің егемендігін бейнелейтін, бүкіл халықты біріктіретін нышандар. Олар Отанға деген мақтанышты, оның тарихы мен ұлы мұрасын бойына сіңірген.
         Осынау салтанатты күні сіздерге, сіздің туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға зор денсаулық, сарқылмас қуат, бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін! Туымыз әрқашан көк аспанда асқақтай желбіреп, Әнұранымыз әлемнің басты ареналарында шырқала берсін, ал Елтаңбамыз Қазақстан Республикасының мызғымас бірлігін, ынтымағы мен жарқын болашағын паш етсін!
         Мереке құтты болсын!

Өскемен қалалық
мәслихатының төрағасы
                                                                        А. Светаш