Құрметті өскемендіктер мен қала қонақтары!

Құрметті өскемендіктер мен қала қонақтары!

 

          31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

          Бүгін біз тарихымыздың қасіретті күндерінің бірін еске аламыз. Бұл күн миллиондаған үзілген тағдырларды, жазықсыз қаза тапқан адамдарды және бүкіл ұрпақтар мен халықтар бастан өткерген ауыр сынақтарды еске түсіреді.

          Тарихты өзгерту мүмкін емес, алайда одан тағылым алу – біздің міндетіміз. Біздің ортақ парызымыз – сол зұлмат жылдарды жадымызда мәңгі сақтау, мұндай қайғылы оқиғалардың енді қайталануына жол бермеу, сондай-ақ бейбітшілікті, әділеттілікті және адамның қадір-қасиетін қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау.

           Осындай ауыр сынақтарға төтеп берген барша жандарға терең алғысымызды білдіреміз!

 

Өскемен қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                               А. Светаш