Депутаттар мен қала тұрғындарының назарына
2026 жылғы 19 мамырда сағат 15.00-де Өскемен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтеді (Пермитин көшесі,17, конференц-зал).
Ұсынылатын күн тәртібі:
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй қоры объектілерін жылыту маусымына дайындау барысы туралы.
- «Өскемен қаласындағы зираттардың жай-күйі туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 32/11 шешімін іске асыру туралы.
- Қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу бойынша,
сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша қалалық комиссияның атқарған жұмысы туралы.
- Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.