
Қалалық мәслихат депутаттары Өскемен қаласындағы көшелердің жол жамылғысын жөндеу жұмыстарының барысын бақылау мақсатында көшпелі отырыс өткізді.
Аралау барысында депутаттар қоғамдық ұйым өкілдерімен және мердігер ұйымдармен бірлесіп Протозанов, Бауыржан Момышұлы, Калинин, Еңбекші көшелеріндегі, сондай-ақ Протозанов, Қазақстан, Добролюбов көшелері және Гагарин бульвары арасындағы өтпе жолдарға жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын тексерді.
Бұдан басқа, жол сапасына мониторинг жүргізу және бұрын анықталған ескертулердің жойылуын бақылау мақсатында, жөндеу жұмыстары 2025 жылы жүргізілген Шәкәрім даңғылына бару жүзеге асырылды.
Тексеру нәтижелері бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде асфальтбетон жамылғысын сапалы төсеуді және жиектастарын тегістеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ нөсерлік кәріз құдықтарын тазалау және су бұруды тиісті қамтамасыз ету үшін оларды тексеру жөнінде ұсыныстар берілді. Сонымен бірге Бауыржан Момышұлы көшесінде балабақшаға апаратын кірме жолды жөндеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.