Құрметті өскемендіктер мен қала қонақтары!

Құрметті өскемендіктер мен қала қонақтары!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерінің негізі – бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барлық этнос өкілдерінің шынайы достығы, өзара құрметі және жасампаз еңбегінің жемісі.

Шығыс Қазақстан – бейбітшілік пен келісімде 100-ден астам ұлт өкілдері өмір сүретін бірегей өңір. Біздің аймақта әр халықтың төл мәдениетін дамытуға, ана тілдерін үйренуге және рухани мұрасын сақтауға барлық жағдай жасалғанын мақтан тұтамыз.

Жаһандық өзгерістер жағдайында азаматтық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау – біздің басты міндетіміз болып қала береді. Тек бірліктің арқасында біз дәстүрлерімізді нығайтып, келешек ұрпақ үшін елдің дамуын қамтамасыз ете аламыз.

Құрметті жерлестер! Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат және барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін. Бұл мереке әр шаңыраққа жылу, қуаныш пен бақ-береке әкелсін!

 Өскемен қалалық
мәслихатының төрағасы                                                       А. Светаш