
Өскемен қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қаланың лифт шаруашылығының жай-күйі туралы мәселе тағы қаралды.
Жауапты бөлімдерге 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында «Лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ақшалай қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын» бекіту ұсынылды. Бюджетті нақтылау кезінде осы жұмыстарды қаржыландыруды көздеу және лифт жабдығын коммуналдық меншіктен кондоминиумның ортақ мүлкінің құрамына беру тетігін пысықтау.
Бұл шаралар лифт шаруашылығын жүйелі түрде жаңартуға және көппәтерлі тұрғын үй қорының тұрғындары арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендетуге бағытталған.
Бұдан басқа, Өскемен қаласының қаржы бөлімі басшысының коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі істердің жай-күйі туралы есебінің қорытындысы бойынша, шешімге бюджет кірістерін арттыру үшін бос үй-жайларды жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі жұмысты жандандыру, сондай-ақ жария тыңдау тетігі арқылы мәслихатты жекешелендіру жоспарлары туралы хабардар етуді қамтамасыз ету ұсынымдары енгізілді.